Мәзір

Өзбекстан су үнемдеу бойынша төтенше режимге көшеді

05.12.2023
Өзбекстан су үнемдеу бойынша төтенше режимге көшеді

Өзбекстан экономикасы суды жоғалту салдарынан жыл сайын 5 миллиард доллардан айырылады. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай елдегі су тапшылығы 15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін, деп хабарлайды World of NAN.

Көрші ел билігі су ұтымсыз пайдаланылып жатыр деп есептейді. Су ресурстарының 90%-ы ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне жұмсалады. Мысалы, 1 гектар мақта алқабын суару үшін жылына 10-11 мың текше метр су жұмсалса, мұндай көрсеткіш климаты мен топырағы ұқсас елдерде 2-3 есеге дейін аз.

Осы себепті Өзбекстан президенті суды үнемдеу үшін төтенше жұмыс режиміне көшуді тапсырды.

Билік келесі жылы 1500 шақырым каналды бетондау міндетін қойып отыр, ал 2025 жылы кем дегенде 2 мың шақырым каналды бетондау қажет.

Республикада 4,3 млн га суармалы алқап болса, оның 30% -ы суды үнемдеу технологиясын енгізген. Су үнемдеу технологиясын енгізу қарқыны төмен, сондықтан елде жаңа қаржыландыру жүйесі іске қосылады. Су үнемдеу технологияларын енгізуге ниет білдірген кластерлер мен шаруа қожалықтарына 2 жылдық жеңілдікті кезеңмен, жылдық 14% сыйақы төлеумен 5 жылға несие беру желісі құрылады.

Су тасымалы шығындарын азайтудың тағы бір міндеті – сорғыларды жаңғырту және оларды басқаруды жеке серіктестікке беру болып отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии