Мәзір

2023 жылы фермерлерді субсидиялауға 500 млрд теңге жұмсалды

22.12.2023
2023 жылы фермерлерді субсидиялауға 500 млрд теңге жұмсалды

2023 жылы субсидиялауға шамамен 500 млрд теңге бөлінді: мал шаруашылығы бойынша 115,9 млрд, өсімдік шаруашылығы және қаржы құралдары бойынша 318,1 млрд. Сондай-ақ егін және мал шаруашылығын қолдауға Үкімет резервінен тағы 60 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Барлық қызметтер мемлекеттік ақпараттық жүйесінде көрсетіледі. Қазіргі таңда Gosagro.kz жүйесінде 90 мың пайдаланушы тіркелген. Бұрын қолданыста болған жеке жүйеден (Абоненттік төлем үнемі өсіп отыратын) тегін мемлекеттік жүйеге көшу фермерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды ұлғайтуға және шаруалардың жеке жүйеге қол жеткізгені үшін кететін шығыстарын 1 млрд теңгеге қысқартуға мүмкіндік берді.

Фермерлер арасында ең сұранысқа ие бағыттар: мал шаруашылығын субсидиялау (қаржыландыру көлемі – 115 млрд теңге); пестицидтерді субсидиялау (32 млрд теңге); тыңайтқыштарды субсидиялау (33 млрд теңге); инвестициялық субсидиялар (110 млрд теңге); тұқымдарды субсидиялау (11 млрд теңге); өнімді қайта өңдеуді субсидиялау (20 млрд теңге); пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (83 млрд теңгеден астам).

Бүгінгі таңда 307 877 өтінім түсті және жалпы құны 401 млрд теңге құрайтын қолдау мақұлданды. Жыл соңына дейін шамамен 83 млрд теңге ай сайынғы төлемдермен пайыздық мөлшерлеме бойынша қабылданған міндеттемелер бар Сонымен қатар, жаңа субсидиялау жүйесінде енгізілген өтінімдер тізілімі ағымдағы жылдың соңына дейін бюджетті бағалауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии