Мәзір

Абай облысында майлы дақылдардың орташа өнімділігі 11 ц/га

08.12.2023
Абай облысында майлы дақылдардың орташа өнімділігі 11 ц/га

Облыста 2023 жылы жалпы орылған алқап 745,4 мың гектарды құрайды, оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдары 315 мың гектар, ал майлы дақылдар 290,5 мың гектарды құраған. Бұл туралы World of NAN порталы әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бүгінгі күні облыста 315 мың гектар дәнді және бұршақ дақылдары жиналды (100%), майлы дақылдар - 290,5 мың гектардан (100%), картоп - 8 мың гектардан (100%), көкөністер мен бақша дақылдары - 5,8 мың гектардан (100%) жиналған.

Қала мен аудан әкімдіктерінің жедел мәліметтері бойынша, дәнді және бұршақ дақылдарының жалпы өнімі 329,3 мың тоннаны құрап, орташа өнімділігі 10,5 ц/га болды. Сондай-ақ майлы дақылдар - 319,7 мың тонна, ал оның орташа өнімділігі - 11 ц/га, картоп - 168,6 мың тонна, орташа өнімділігі - 210,4 ц/га болды. Облыста 144,2 мың тонна көкөніс пен бақша дақылдары жиналып, олардың орташа өнімділігі 249,6 ц/га болған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии