Мәзір

Ақтөбе облысында майлы дақылдар еншісіне 62 мың га жер бөлінді

22.04.2024
Ақтөбе облысында майлы дақылдар еншісіне 62 мың га жер бөлінді

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 756,5 мың гектарды құрайды. Дәнді дақылдарға 446,3 мың гектар жер бөлінсе, майлы дақылдардың еншісіне 62,2 мың гектар тиді. Бұл туралы World of NAN облыстық әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сондай-ақ картоп пен көкөніске 11,2 мың гектар, мал азықтық дақылдарға 236,8 мың гектар жер бөлінген. Биыл егіс жұмыстарына 49,9 мың тонна ауыл шаруашылығы тұқымы қажет болса, бүгінгі күнге оның 45,8 мың тоннасы егілді.

Өңірдегі астық ең көп себілетін аймақтар Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау болып саналады. Олар егіс алқабының 76,2 пайызын құрайды. Облыс бойынша астық шығымдылығы гектарына 10,4 центнер болса, Қарғалы ауданында диқандар гектарына 14,7 центнерден, Хромтау ауданында 11,7 центнерден, Қобды ауданында 11,8 центнерден астық жинап отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии