Мәзір

Алматы облысында егістік алқаптары зиянкес жәндіктердің шабуылына ұшырады

22.04.2024
Алматы облысында егістік алқаптары зиянкес жәндіктердің шабуылына ұшырады

Алматы облысы Кеген ауданындағы Қарабұлақ, Жылысай, Ұзынағаш ауылдық округтерінде рапс жапырақ жемірінің ошақтары анықталды. Бұл жөнінде World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Рапс жапырақ жемірі — крестгүлділер (орамжапырақ) тұқымдасының жабайы өсімдіктерімен, сондай-ақ шалқан, арпа, қырыққабат, шалғаммен қоректенетін зиянкес.

Рапс жапырақ қоңызы өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізілетін карантиндік объектілер мен бөтен түрлердің тізіміне кірмейді.

Осы ретте, «Өсiмдiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-5-бабының 1) тармақшасына сәйкес қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге және саны зияндылықтың экономикалық шегінен асатын зиянды және аса қауіпті зиянкестердің дамуы мен таралуына жол бермеуге міндетті.

Осыған байланысты, аумағында рапс жапырақ жемірі дернәсілдері анықталған 3 шаруашылықтың иелеріне фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қажеттілігі туралы нұсқама берілді. Қазіргі уақытта дернәсілдерді жою мақсатында трактормен және рюкзакті бүріккіштермен химиялық өңдеу жүргізілуде, 7,5 га өңделді. 600 га өңдеу жоспарланған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии