Мәзір

Алматы облысында Екінші Құрғақ порт құрылады

09.11.2021
Алматы облысында Екінші Құрғақ порт құрылады

Облыс әкімі Амандық Баталов «Достық»станциясындағы жүк терминалының құрылысы жобасы бойынша инвесторлармен кездесу өткізді. Бұл жобаны «екінші Құрғақ порт» деп атауға болады, деп хабарлайды World of NAN аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап өтілгендей, Алакөл ауданы аумағындағы шекаралық аймақта орналасқан «Достық»станциясының дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер бар. «Dar rail» компаниясы аталмыш станцияда жүк терминалын салу жобасын жүзеге асыруды ұсынды.

Өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетін кеңейту үшін жобаның маңыздылығын атап, облыс әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданының әкімдігіне және облыстық жер қатынастары басқармасына ең алдымен станция аумағында берілетін жер телімін анықтауды тапсырды. Содан кейін инфрақұрылымды жүргізу мүмкіндігі қаралатын болады. «Жетісу» ӘКК-не жобаны қолдау және сүйемелдеу мәселелеріне белсенді қатысу тапсырылды. Сондай-ақ, кездесу барысында аталған жобаның екінші Құрғақ порт ретінде даму мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.

«Dar rail» ЖШС өкілі Максим Матюк атап өткендей, компания елімізде темір жол тасымалымен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Жер телімі анықталғаннан кейін «Dar rail»ЖШС «Достық» станциясында құрылыс жұмыстарын бастауға және жобаны іске асыруға дайын.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии