Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде мониторинг, талдау және болжау бойынша бірыңғай цифрлық ситуациялық орталық құрылады. Бұл жайлы Парламент Мәжілісінде аграрлық ғылымды, білім және өндірісті интеграциялау мәселелері бойынша отырыста Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде мониторинг, талдау және болжау бойынша бірыңғай цифрлық ситуациялық орталық құру мәселесін пысықтап жатырмыз. Ол біздің орталықтың базасында ашылып, ауыл шаруашылығы саласының барлық ақпараттық жүйесін интеграциялауды көздейді», - деді Төлеутай Рақымбеков.
Оның айтуынша, цифрландыру саласындағы мамандар мен қарапайым шаруа қожалық иелерін кездестіріп, фермерлердің бұл бағыттағы тәжірибесін арттыру керек.
«Цифрландыру саласының артықшылықтары шаруа иелерін артық шығындардан арылуға көмектесер еді», - деді ол.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение