Мәзір

Қазақстанда қант қымбаттауы мүмкін

03.04.2024
Қазақстанда қант қымбаттауы мүмкін

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында қант құрағы немесе қызылша қантының өндірісі 15,5 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, көрсеткіш бірден 4 есе азайып кеткен. Бұл жөнінде World of NAN порталы Energyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қаңтарда отандық қант зауыттары 6 мың тонна қант өндірді, бұл 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 5,4 есе аз. Импорттың үлесі 49,2%-дан 80,2%-ға өсті. Қаңтар айында экспорт пен реэкспорт 10,5 мың тоннаны құрады, ал ішкі нарықтағы сатылым бір жылда 3,2 есеге азайып, 19,8 мың тоннаны құрады.

Бір келі қанттың орташа бөлшек сауда бағасы 2023 жылғы ақпандағы 458 теңгеден 2024 жылғы ақпанда 391 теңгеге дейін төмендеді. Дегенмен, бұл 2022 жылдың ақпан айындағыдан айтарлықтай жоғары, Қазақстан Республикасында түйіршіктелген қант орташа есеппен килограмына 296 теңге болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан қанттың 60 пайызға жуығын Ресейден импорттайды. Өндірістің қысқаруы импорттың өсуіне әкеледі, сондықтан қанттың құны одан әрі көтерілуі мүмкін. Отандық қант зауыттары бұрынғы өндірістік қуатына жете алмаса, ресейлік экспорттаушылар өз шарттарын белгілей алады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии