Мәзір

Қазақстанда 15,9 млн астық жиналды

14.09.2020
Қазақстанда 15,9 млн астық жиналды

14 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 13 млн 206,3 мың га дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар орылды немесе егіс алқаптарының 83,6% бастырылды. 15 млн 914 мың тонна астық жиналды, орташа өнімділік - 12,1 ц / га.

Ақмола облысы астық жинауда көшбасшы болып тұр, онда - 4030 мың тонна болды. Облыста 3801,9 мың га (85,5%) жиналды, өнімділік 10,6 ц / га құрады.

Солтүстік Қазақстан облысында 1473 ц / га өніммен  3 737,5 мың тонна астық бастырылды. 2577,6 мың га жиналды, немесе 86,3% құрайды.

Қостанай облысында 3453,7 мың тонна бастырылды, өнімділігі 10 ц / га. 3453,7 мың га жиналды, немесе 85,3% болады.

Жамбыл облысында егін жинау жұмыстары толығымен аяқталды: 22,7 ц / га өніммен 816,6 мың тонна жиналды. БҚО-да егін ору науқаны аяқталуға жақын - 224 мың га (97,4%) орылып, 258,9 мың тонна жиналды, ал Түркістан облысында - 294,3 мың га (97,2%) орылып, 700 мың тонна жиналды.

Егін жинаудың ең төменгі көрсеткіші Қызылорда облысында - 40,8 мың га (40,8%) жиналды, 163,2 мың тонна астық бастырылды, ал Павлодар облысында 597,8 мың га (66,4%) жиналып, 485,3 мың тонна астық бастырылды.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии