Мәзір

Қазақстанда 4,1 млн тонна астық бастырылды

24.08.2020
Қазақстанда 4,1 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда бүгінгі таңда 3,1 млн га дәнді және бұршақты дақылдар жиналып, 4,1 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

24 тамыз күні таңертең ҚР-да 3174,7 мың га дәнді және бұршақты дақылдар немесе егілген алаңның 20,1% жиналды.

4156,7 мың тонна астық бастырылды, орташа өнімділік гектарына 13,1 центнерді құрады.

Негізгі астық егетін аймақтарда егін орағы қызу жүріп жатыр. Ақмола облысында 653,6 мың га немесе 14,7% алқап жиналды (барлығы 4446,7 мың га), 614,3 мың тонна бастырылды, өнімділігі гектардан 9,4 центнер.

Қостанай облысында 587,6 мың га немесе 14,5% жиналды (барлығы 4051,8 мың га), 540,6 мың тонна бастырылды, өнімділігі гектардан 9,2 центнер.

Солтүстік Қазақстан облысында 395 мың га немесе 13,2% жиналды (барлығы 2988,5 мың га), 533,3 мың тонна бастырылды, өнімділігі гектардан 13,5 центнер.

Павлодар облысында 152,2 мың га немесе 16,9% жиналды (барлығы 899,9 мың га), 112,8 мың га бастырылды, өнімділігі гектардан 7,4 центнер.

Еске салып айтсақ, 1 тамызға дейін ҚР-да бұршақ және дәнді дақылдардың қоры 2 956 874 тоннаны құрайды.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии