Мәзір

Қазақстанда топырақтағы тоң жіби бастады

13.04.2020
Қазақстанда топырақтағы тоң жіби бастады

Қазақстанда егіс алқаптарына жаппай дән себуге бір айдай уақыт қалды. Синоптиктердің айтуынша, топырақтағы тоң біртіндеп жіби  бастады.

Қазгидрометтің апталық ауа райы болжамында хабарлағандай, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы өзендеріндегі топырақтың қатуы 12-60 см –ге дейін төмендеген. Аталған шолу жұмысы жерді қашықтықтан зондтау тәсілі арқылы жасалған. Қарағанды облысында жер толықтай жібіді деуге болады.

Сонымен қатар, өткен аптада ел аумағындағы қар еріп, оның мөлшері  15% - ға азайған.

Осы аптада Қазақстанда жылы ауа райы сақталып,  жауын-шашынды болады деп күтілуде. Бұл жағдай топырақтың ылғалдануын жақсартып, құнарлы болуын қамтамасыз етеді.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде  Атлантикалық және Оңтүстік циклондар әсер  етіп, жауын шашын болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр жауып, арты қарға айналады.  Осыған байланысты тау етегіндегі аймақтарда қар еріп,Түркістан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі артып, көшкінге алмасуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде өзендегі мұз еріп, су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында таудағы қар еріп, су мөлшері артуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, синоптиктердің болжамы бойынша,биылғы ауа райы көктемгі егін егу жұмыстары үшін өте  қолайлы болады, себебі жылы және ылғалды болады деп күтілуде.

Ақпарат көзі: https://www.kazhydromet.kz/


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии