Мәзір

Қазақстанда төтенше жағдайлардың туындау қаупі аса жоғары жерлер көрсетілген Қауіптілік картасы жасалды

26.02.2020
Қазақстанда төтенше жағдайлардың туындау қаупі аса жоғары жерлер көрсетілген Қауіптілік картасы жасалды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев және бірқатар облыстардың әкімдері алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баяндады.

Өзен бассейндерінде қалыптасқан гидрометеорологиялық жағдайлар туралы баяндай отырып, Мағзұм Мырзағалиев қардың жиналуы наурыз айында да жалғасатынын атап өтті. Өз кезегінде Қазгидромет наурыз айынан бастап апта сайын гидрологиялық болжамдарды ұсынатын болады. Бұл болжам 3 күн сайын жаңартылып отырады. Одан бөлек, су тасқыны қаупі төңген жағдайда, 2-3 тәулік бұрын дауылды ескертулер беріледі. Негізі осындай ескертулер норма бойынша 6 сағат бұрын берілуі тиіс.

Наурыз айындағы синоптикалық болжамға сәйкес ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым аумағында климаттық нормадан жоғары болады деп күтілуде.

Республикалық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарды тасқын суларды өткізуге дайындау мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қажетті шараларды қабылдауда. Су тасқынына қарсы комиссия құрылды. 

Гидрологиялық болжамға сүйене отырып, қосымша бос сыйымдылықтарды ұлғайту мақсатында су қоймаларының жұмыс режимінің кестесі түзетілді. Гидротехникалық құрылыстардың барлық меншік иелеріне тасқын суларды қауіпсіз өткізу және инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін қажетті іс-шаралар өткізу туралы ұсыныстар жіберілді.

Сондай-ақ, біз Қауіптілік картасы жасалды. Онда төтенше жағдайдың туындау қаупі неғұрлым жоғары орындар көрсетілген. 

«Жауған қардың үлкен мөлшерін ескере отырып, ауа температурасы күрт артқан жағдайда, біз су қоймаларынан суды едәуір ағызуға мәжбүр боламыз. Осыған байланысты, әкімдіктер төтенше жағдайға жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қабылдауы қажет», — деді М. Мырзағалиев.

Ақпарат көзі: https://primeminister.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии