Мәзір

Қазақстанда астық алқабының 85,6% орылып, 16,4 млн тонна астық жиналды

15.09.2020
Қазақстанда астық алқабының 85,6% орылып, 16,4 млн тонна астық жиналды

Қазақстанда 1 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша 13 млн 523,9 мың га бұршақ және дәнді дақылдар немесе 85,6% жиналды. 16 миллион 409,6 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік 12,1 ц / га құрады. Бұл туралы агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлады.

Өткен тәулікте астық өсірушілер 495,6 мың тонна астық жинады.

Ақмола облысының аграршылары 10,8 ц / га өнімділікпен 4178 мың тоннаны бастырды. Облыста 3868,6 мың га жиналды, немесе 87% болды.

Солтүстік Қазақстан облысында 3950,4 мың тонна астық бастырылды, өнімділігі 14,8 ц / га болды. 2669,2 мың га жиналды, немесе 89,3%.

Қостанай облысында 3547,5 мың тонна астық бастырылды, өнімділігі 10 ц / га. Қазіргі  таңда облыста 3547,5 мың гектар немесе алқаптың 87,6% жиналды.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии