Мәзір

АӨК-ті дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы жаңарды

23.11.2023
АӨК-ті дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы жаңарды

Президент Тоқаев биылғы жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытуға байланысты бірқатар тапсырма берген болатын. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі 2030 жылға дейінгі АӨК-ті дамыту Тұжырымдамасының жаңартылған нұсқасын жариялады. Құжат Ашық НҚА порталына жарияланды, 6 желтоқсанға дейін жария талқылау жүргізіледі. Бұл туралы World of NAN порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Министрлік таныстырған құжатта шикізатқа қосылған құны жоғары өнім өндіруге кезең-кезеңімен көшу және агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнімдерінің үлесін үш жыл ішінде 70%-ға дейін ұлғайту туралы баяндалған.

Бұдан бөлек, Тұжырымдамада мынадай мәселелер қарастырыпты:

  • қайта өңдеуді ынталандыру үшін салық саясатын қайта қарау;
  • отандық агрофирмаларды ірілендіруді ынталандыру, сондай-ақ өзара тиімді жағдайларда трансұлттық корпорацияларды белсенді тарту;
  • ет, сүт және астықты терең өңдеу бойынша басым және перспективалық бағыттарды айқындау, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту;
  • құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын және етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын және суару жөніндегі жобаларды салуға Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату арқылы ірі тауарлы сүт фермаларын салуды жалғастыру;
  • отандық техника өндірушілер мен фермерлердің мүдделерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын жылына 8-10%-ға дейін жеткізу;
  • отандық тауарларды шетелдік нарықтарда ілгерілету үшін шаралар қабылдай отырып, экспорт географиясын жоспарлы түрде кеңейту;
  • егістіктерді әртараптандыруды, рентабельді дақылдардың ауданын ұлғайтуды, су сыйымдылығы мен мономәдени егістерді қысқартуды қамтамасыз ету;
  • фермерлерді отандық тұқымдармен қамтамасыз ету, жаңа өнімді сорттарды шығару және өсіру.

Сонымен қатар, Тұжырымдама «Ауыл аманаты» бағдарламасын одан әрі іске асыру шеңберінде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперациялауды ынталандыруға бағытталған. Одан бөлек, құжатта аграрлық ғылымды дамыту шараларын қабылдау туралы баяндалған. Жаңартылған тұжырымдама «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жаңартылған стратегиясын іске асыруды қарастырған. Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, стратегия ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және сатудың толыққанды желісін құрғанда жекеменшік нарықты қолдау жөніндегі мандатты, сондай-ақ бағаның өсуін тежеу үшін интервенцияны жүзеге асыруды да көздейді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии