Мәзір

Маңғыстау облысында жем-шөпке 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінетін болады

27.09.2021
Маңғыстау облысында жем-шөпке 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінетін болады

Маңғыстау облысында малға арналған жемшөп базасын қалыптастыруға қосымша қаржы бөлінеді, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап World of NAN.

Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев өңірлік мәслихаттың жетінші сессиясына қатысты. Отырыс барысында қысқы кезеңге азық қорын қалыптастыруға қаражат бөлу мәселелері мақұлданды. Осылайша қосымша 3,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл қаражат 26 200 тонна құрама жем мен 4000 тонна шөп сатып алуға мүмкіндік береді.

«Өңірдің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу барлық мемлекеттік органдардың жүйелі тәсілі мен үйлесімді жұмысы кезінде ғана мүмкін болады», – деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі.

Мәжіліс барысында депутаттар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын толықтыру, ауыз су құнын субсидиялау, Ақтау қаласында қалаішілік алты бағыт бойынша автопаркті жаңартуды қаржыландыру туралы шешімді мақұлдады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии