Мәзір

Амангалий Бердалин ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

14.07.2023
Амангалий Бердалин ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Амангалий Бисенбайұлы Бердалин ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайлы World of NAN.

Бердалин Амангалий Бисенбайұлы 1964 жылы 13 қыркүйекте Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын “Ветеринария” мамандығы бойынша, 2006 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін “Экономист” мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1981 жыл – Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданындағы Т.Г. Шевченко атындағы совхоздың құрылысшысы

1989-1994 жж. – Ақтөбе облысы Г. Шевченко атындағы кеңшардың аға мал дәрігері, бас мал дәрігері.

1994-2011 жж. – Г. Шевченко атындағы кеңшарда «Қарабұтақ» ұжымдық кәсіпорнының төрағасы, «Қарабұтақ» ЖШС-нің директоры

2011-2012 жж. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімі орынбасарының м.а., әкімі.

2012-2016 жж. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі.

2016-2019 жж. – Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі.

2019-2021 жж. – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии