16.09.2020
1 мин
339

Қазақстанда егістіктің 87% жиналып, 16,7 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда егістіктің 87% жиналып, 16,7 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 16 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша, 13 млн 785,6 мың га дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар жиналды немесе егіс алқаптарының 87,3%. 16 миллион 758 мың 600 тонна жиналып, орташа өнімділік 12,2 ц / га құрады.

Ақмола облысында 4288,7 мың тонна астық бастырылды, өнімділігі 10,9 ц / га. Бүгінгі күні 3934,6 мың га жиналды, немесе 88,5%.

Солтүстік Қазақстан облысында 4040,8 мың тонна астық бастырылды, өнімділік - 14,8%. Қазірдің өзінде 2 730,3 мың га жиналды немесе 91,4%.

Қостанай облысында 3604,1 мың тонна жиналды, өнімділігі 10 ц / га. немесе 89%.

Өткен тәулікте қазақстандық еңбеккерлер 349 мың тонна астықты бастырды.

Ақпарат көзі: eldala.kz