Мәзір

Ресейде үсік шалған егіс алқаптарына майлы дақылдар сеуіп жатыр

23.05.2024
Ресейде үсік шалған егіс алқаптарына майлы дақылдар сеуіп жатыр

Баға индексі орталығы майлы дақылдар бойынша болжамын +4,5%-ға өсірді, сарапшылардың болжауынша фермерлер 16,2 миллион тонна майлы дақыл жинамақ, деп хабарлайды World of NAN.

Көрші ел бидайды 4,9%-ға аз жинайды – 86,1 млн тонна. Ал соя түсімі 6,6 миллион тоннаға бағаланып отыр (бұрынғы есеппен салыстырғанда +11,9%). Маусымдық және жоғары маржаға байланысты фермерлер үсікке ұрынған дақылдарды күнбағыспен алмастырады.

Жалпы алғанда, диқандар 900 мың гектарға жуық жерге қайта себуі керек. Орал, Пенза, Ростов, Воронеж, Липецк, Тамбов, Белгород, Курск облыстары мен Волгоград облысының кей жерлерінде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Күнбағыс өңдеу қуаттылығы 2024 жылы шамамен 1,5 миллион тоннаға артпақ.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии