Мәзір

Шымкентте құны 5 млрд теңгелік құс фабрикасы ашылды

01.04.2024
Шымкентте құны 5 млрд теңгелік құс фабрикасы ашылды

Биологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған «АйМар құс» құс фабрикасы жылына 72 миллион дана жұмыртқа өндіруге қауқарлы. Бұл туралы World of NAN порталы inform.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, бес гектар аумақта құс фабрикасының құрылысы 2023 жылы басталған. «Даму» қоры арқылы 4 пайыздық несиеге 4,8 миллиард теңге алынып, жаңа өндірістің іске қосылуына ықпал етті.

«Бүгінде балапандарды өсіретін екі цех, тауық өсіретін төрт цех, жұмыртқа сұрыптайтын цех жұмыс істейді. Фабрикада құс еті гормондық қоспасыз, өсу стимуляторын қолданбай, генетикалық түрлендіретін заттарсыз өсіріледі. Кәсіпорын ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Алдағы уақытта фабрикамызды кеңейтіп, тауық басын 660 мың басқа көбейтіп, тиісінше өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - деді кәсіпорынның қаржы директоры Жандос Сәбитұлы.

«АйМар Құс» құс фабрикасының жұмыртқалары «СуперНик» тауықтарының элиталық тұқымдарынан алынады. Жаңа кәсіпорында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии