Мәзір

СҚО-да жеңілдетілген несиелердің негізгі үлесі АӨК-ге жұмсалады

28.10.2021
СҚО-да жеңілдетілген несиелердің негізгі үлесі АӨК-ге жұмсалады

Солтүстік Қазақстан облысында «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру талқыланды, деп хабарлайды World of NAN Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Ашметов негізгі үлесті – 188 жобаның 152-сі агроөнеркәсіп кешеніндегі өндіріспен байланысты жобалар алатынын айтты. Алайда, биыл «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жобалар санының айтарлықтай төмендегені байқалады. Несиелеуді 14,8 млрд теңге сомасына барлығы 20 жоба алды, ал өткен жылы осы 9 айда 18,7 млрд теңгеге 136 жоба болған еді.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов аудан әкімдері бизнес өкілдерімен жиі кездесіп, нарық әлеуетіне талдау жүргізіп, ауданға қандай өндіріс қажет екенін анықтауы керек деп есептейді.

«Аудан әкімдері аудан мен ауылдың қажеттілігін біледі. Мониторинг пен талдау нәтижелері тек есеп қана емес, іскер халықтың қолдауы болуы керек. Мемлекеттік органдар ақпарат көзі болып табылады. Әрбір ауданда халық қолжетімді тауашаларды көретін деректер базасын құру қажет», – деп атап өтті облыс басшысы.

Оның пікірінше, жаңа жұмыс орындарын құруды қарастыратын жобаларды қолдау қажет, себебі олар маңызды экономикалық нәтиже береді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии