Мәзір

СҚО көктемгі егіс жұмыстарына кірісті

30.04.2020
СҚО көктемгі егіс жұмыстарына кірісті

Республика өңірлеріндегі көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жайлы ақпараттар легін жалғастырамыз. Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруалар биылғы жылы дәнді дақыл, майлы дақыл, жемшөп және көкөніс егілетін  егістіктерге ылғал жабу жұмыстарына кірісті. 

Солтүстік Қазақстан облысындағы егіс алқабы 4,2 млн. га құрайды, оның ішінде дәнді дақылдар 2,8 млн. га, майлы дақылдар 955,4 мың га, мал азығы 352,9 мың га, картоп 32,5 мың га, көкөніс 6,0 мың га.

Ағымдағы жылдың егіс науқанын өткізуге 13,6 мың трактор, 15,8 мың  тұқым сепкіш, 1,2 мың қазіргі заманғы өнімділігі жоғары егіс кешендері жұмылдырылады. Облыстың ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қолда бар техникаға жөндеу жұмыстарын уақытында жүргізуде. Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 99% құрайды. Жыл басынан бері облыстың машина-трактор паркі 6,7 млрд.теңгеге 433 бірлік техника, оның ішінде 90 трактор, 15 егіс кешені және 154 астық тұқым сепкіштері қосымша толықтырылды.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін Солтүстік Қазақстан облысына  68,9 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінген. ҚазАгро қаржы институттары арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жыл басынан бері 16,6 млрд. теңгеге 316 өтінім қаржыландырылды.

Ақпарат көзі: www.gov.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии