Солтүстік Қазақстан облысының шаруа қожалықтары 2020 жылы 5 мың асыл тұқымды ірі қара малды сатып алуды жоспарлап отыр, аталған малдардың мыңға жуығы импортталып алынды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерболат Бекшенов хабарлады.
«Қызылжар ауданында сиыр етін дамыту үшін мың басқа арналған ет фермасы салынды. Үш ірі бордақылау кешенін салу жұмыстары ұйымдастырылуда. Айыртау ауданында - 10 мың мал бордақылау алаңы, Ақжар ауданында - 3 мың, Уәлиханов ауданында - 10 мың малға арналған кешен салынуда», - деді Е.Бекшенов.
Уәлиханов ауданына алғашқы малдар Ирландиядан осы жылдың тамыз айында әкелу жоспарланғанын хабарланды.
Ауыл шаруашылық әкімшілігінің айтуынша, үш бордақылау кешені жобаларды іске асыру арқылы сиыр етін өндіруді жылына 7 мың тоннаға арттырады.
«Биыл мал басын көбейту үшін Еуропа елдерінен 966 бас асыл тұқымды ірі қара жас малдар әкелінді. Жалпы, жыл соңына дейін 5 мың бас жеткізіледі деп күтілуде», - деді Ерболат Бекшенов.
Сонымен қатар, облыста сүт өндірумен 80-ден астам шаруашылық айналысады, оның ішінде 18 заманауи сүт кешені бар.
Биыл облыстың бес ауданында 10 сүт өндіретін кешенді салу жұмыстары жүргізілуде, олардың ұстап отырған малдарының саны шамамен 6 мың бас болады. Жобаларды жүзеге асыруға 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салынады. Бұл кешендер іске қосылған кезде қосымша 30 мың тоннадан астам сүт өндірілетін болады.
Осы жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие түрінде 2 миллиард теңгеден астам қаражат беріледі.
Сонымен қатар, 2020 жылы Петропавлда «Петропавловск Бройлер» ЖШС құс фабрикасының құрылысын бастау жоспарлануда. Қазіргі уақытта құрылыс салынатын жерлерді, құжаттарды дайындауда. Кәсіпорын жылына 10 мың тонна құс етін шығаруды жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі: eldala.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение