Кейінгі жылдары елде шегірткелердің таралу аймағының ұлғаюы байқалды, деп хабарлайды World of NAN.
Мәселен, 2020 жылы – 514 мың гектар, 2021 жылы – 626 мың гектар, 2022 жылы – 975 мың гектар. 2023 жылы болжамды таралу 1 585 мың га болса, іс жүзінде 1 616 мың га өңделген. 2023-2024 жылдар шегірткенің 11 жылдық циклінің шыңы болып есептеледі.
2024 жылы шегіртке үйірінің таралуының жаңартылған болжамы өсіп, 2,5 миллион гектарды құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 миллион гектарға жуық артық.
Осыған орай, мемлекет барлық болжамды аумақта жайылған шегірткелерге қарсы толық көлемде химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге 3,9 млрд теңге бөлді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аумағында шегірткелердің топтық (азиялық шегіртке, итальян шегірткесі және марокко шегірткесі) және топтық емес түрлері кең таралған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение