Мәзір

Ұлытау облысында ветеринарлық зертхана тұрғызылады

27.12.2023
Ұлытау облысында ветеринарлық зертхана тұрғызылады

Алдағы жылдары Ұлытау өңірінде жаңа ветеринарлық зертхана салынады. Бұл туралы World of NAN порталы 24KZ арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазір облыста малды түрлі ауруларға тексеретін арнайы мекеме жоқ. Бұрынғы зертхана 3 жылдан бері толық жұмыс істемей тұр. Оның мамандары үлгілерді жинап, кейін Астана мен Қарағандыға жіберумен ғана айналысады. Сондай-ақ мал дәрігерлері де жеткіліксіз.

«Бұл мәселе өңір үшін өте өзекті, сондықтан біз оны ауыл шаруашылығын дамыту тұжырымдамасына енгіздік. Қаражат қарастырылған. Алдымен жобалық-сметалық құжаттама жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, сосын жобаны тікелей жүзеге асыруға кірісеміз», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии