Мәзір

Жайылымдар туралы заңға көптеген өзгеріс енгізілді

28.12.2023
Жайылымдар туралы заңға көптеген өзгеріс енгізілді

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды World of NAN.

Заң мынадай өзгерту мен толықтыруды ұсынады:

– жайылымға қажетті ауыл шаруашылығы жануарларының санын жүктеме нормасының 20%-дан 50%-ға дейін ұлғайту арқылы жайылымдарды пайдаланбау критерийін қатайту;

– халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жайылымдарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басқа түрлеріне беруге тыйым салуды белгілеу;

– Жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарының мазмұны мен ұзақтығын өзгерту;

– уәкiлеттi органға жергiлiктi атқарушы органдар үшiн нұсқаулық болатын үлгi жоспарды әзiрлеу және бекiту құзыретiн беру;

– «қоғамдық жайылымдар» түсінігін енгізу;

– орман шаруашылығы мекемелерін жыл сайын аудан әкімдіктеріне мемлекеттік орман қорының жайылымдық жерлері туралы ақпарат беруді міндеттеу;

– жайылымдардың топырағы мен бетін жақсарту және оларды суару шығындарын субсидиялау және т.б.

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар заң жобасының негізгі ережелерін нақтылау мен толықтыруға және оны әзірлеу мақсаттарын күшейтуге бағытталған бірқатар түзету енгізді.

Осылайша, жайылымдармен қамтамасыз ету мен пайдаланудың кешенді тәсілін әзірлеу үшін мыналар көзделеді:

– уәкiлеттi органның және облыс әкiмдiктерiнiң жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуiмен күресу, оларды суару, жайылымдық инфрақұрылым объектiлерiн дамыту және реконструкциялау жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын әзiрлеу және қабылдау. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру төмен тұрған жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі;

– Жоспарға сәйкес халықтың жеке қосалқы шаруашылығында ауылшаруашылық жануарларын жаюға қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жайылымдарды, оның ішінде жалпыға ортақ жайылымдарды резервтеу және қамтамасыз ету. Бұл ретте Жоспардың орындалуы тұрақты бақылауда болады, әкімдіктер жыл сайын жергілікті мемлекеттік органдарға (жергілікті қоғамдастық жиындарына) оның орындалу барысы туралы есеп береді;

– 5 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен мал шаруашылығын жүргізу және халықтың мал жаюы үшін жер учаскелерін алу нормасын алып тастау. Қолданыстағы норма жеке тұлғаларға және ұйымдасқан шаруа қожалықтарына жайылымдық жерлерді бәсекесіз беруге мүмкіндік берді, сол арқылы ауыл тұрғындарын оларды қоғамдық қажеттіліктерге пайдалану мүмкіндігінен айырды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды ынталандыру үшін кооперативтер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді, оның ішінде жайылымдық жерлерді алу конкурстарына қатысқан кезде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша ұпайлар беру түріндегі артықшылықты қамтамасыз ету ұсынылады.

Бұл ретте, тұжырымдамалық аппаратты, жайылымдардың жай-күйін қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі іс-шараларды бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландыру мәселелері, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жайылымдарды пайдалануға қатысты міндеттері туралы өзгерістер ұсынылған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии