Мәзір

Батыс Қазақстан облысында құс өсіруге грант беріледі

26.06.2020
Батыс Қазақстан облысында құс өсіруге грант беріледі

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» атты жаңа бағдарламаның «Еңбек-Балапан» бағыты ашылды. Жұмыссыздар, табысы аз және көп балалы отбасылар, сондай-ақ жастар құс шаруашылығын дамытуға грант ала алады. Бұл туралы Атамекен ҰКП хабарлады.

«Бағдарламаға қатысушылар оқудан өтіп, бизнес-жоспар жасайды, содан кейін «Еңбек » бағдарламасы бойынша  дайын бизнес үшін грант алады. Тауық өсіретін оператор оларға  мұздатқыш жабдықтар, балапан тұратын торлар мен жемдер әкеліп, қамтамасыз етеді. Өңірлік бағдарламаның негізгі мақсаты - ауыл тұрғындарының жұмыссыздығын азайту, сондықтан біздің аймақтың тұрғындары өз ісін бастай алады. БҚО кәсіпкерлер палатасы тек сабақ өткізіп қана қоймайды, бизнес-тренерлеріміз жобаларға қатысып, өнімді сатуға көмектеседі. Тауық еті бір оператор арқылы сауда нүктелері мен әлеуметтік нысандарға сатылатын болады», - деді БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Ибраимов.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, тұрмысы төмен, жұмыссыздар, көп балалы отбасылар, мүгедектер мен жастар «Еңбек-Балапан» бағдарламасына қатыса алады. Бәйтерек ауданында 14 отбасы 200 АЕК (555,600 теңге) көлемінде гранттарға сертификат алды. Олардың арасында ЖК ашқан атаулы әлеуметтік көмек алушылар да бар және бұдан былай мемлекеттен жәрдемақы алмайды. Гранттық қаражат бойынша бағдарламаға қатысушылар 100 күндік ет бағытындағы балапандар мен 57 мекиен тауықтар және қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды. Жалпы, биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша Бәйтерек ауданында 48 млн. теңгеге 88 грант беру жоспарлануда», - деді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Алексей Герасимов.

Аталған жоба  қазірдің өзінде Теректі, Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарында жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаны БҚО басшылығы бақылауда. Жұмыспен қамту орталықтары жыл бойы мониторинг жүргізеді. Грант алушылар алынған қаражатқа есеп береді және кәсіпкер ретінде зейнетақы салымдарын төлеулері керек. Жалпы, бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 625 миллион теңге бөлінді.

Ақпарат көзі: atameken.kz   


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии