Мәзір

Жамбыл облысында 8 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізіледі

07.03.2024
Жамбыл облысында 8 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізіледі

Жамбыл облысында тамшылатып және жаңбырлатып суару қондырғылары қолданылатын егістік көлемі былтырғы 57,2 мың гектардан биыл 65,8 мың гектарға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы World of NAN облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 Биыл 72 ирригациялық жүйені қалпына келтіру жоспарлануда. Сонымен қатар су ресурстарын тиімсіз пайдалану және гидротехникалық құрылыстардың жоғары тозуы мәселелерін шешу үшін елімізде 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасы қабылданып, жаңа Су кодексі әзірленді.

2026 жылға дейін облыста жалпы сыйымдылығы 43,2 млн. текше метрді құрайтын 12 жаңа су қоймасын салу көзделуде. Бүгінде Меркі ауданында орналасқан 3 су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии