Батыс Қазақстан облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдауда қиындық көп екенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мәселен, Жәнібек ауданында қысқа қажетті шөптің тек 30%-і ғана жиналған. Биыл аудан жаз бойы аудан аумағына жауын-шашын аз түсті. Оның үстіне шабындық алқаптарды мыңдап жайылып жүрген киіктер де отап барады.
«Бұған тездетіп, нақты шара қолданбаса болмайды. Егер жем-шөпті жеткілікті жинай алмасақ мал басын азайтуға тура келеді», - деп қынжылады шаруалар.
Арман Елемесов, шаруа қожалығының басшысы:
- Биыл шөп жылға байланысты нашарлау, жасыратыны жоқ. Оның үстіне дала жануарларды киіктері де «көмектесіп», отарымен осы жерде 5 мыңдай киік жатыр. Біздерге ең басты мәселе, мына дала жануары киіктерді шешсе екен. Үлкен проблема туғызып тұрған солар. Төліміз кішкентай кезінде бірге ілесіп шауып кетіп, талай қуып оның артынан жүрген кездеріміз болды.
Ақпарат көзі: 24.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение