Мәзір

Вице-министр Руслан Манатаев агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру бағытын басқарады

19.08.2020
Вице-министр Руслан Манатаев агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру бағытын басқарады

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 10 шілдедегі тапсырмасы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі цифрландыру және жер қатынастары саласындағы даму мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Онда цифрлық технологияларды енгізу арқылы жер учаскелерін берудің қазіргі тәртібіне өзгерістер енгізу қарастырылған.

Айта кету керек, Елбасы мен Республика Президентінің тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығында модернизациялау және өнімділікті  арттыру мақсатында сала нысандарының жұмысына жаңа технологиялар қарқынды енгізілуде.

Мәселен, ҚР АШМ цифрлы фермаларды құру жобасын жандандыруда. Қазір Қазақстанда 49 «ақылды» шаруашылық бар. Сонымен қатар, «Қазпочта» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ қатысуымен пилоттық режимде ауылшаруашылық өнімдерін таңбалау және ауылшаруашылық өнімдерін сатудың электрондық сауда алаңын құру жобалары жүзеге асырылуда.

Ақпараттық технологияларды белсенді енгізудің арқасында егістіктер мен жайылымдарды цифрландыруға, тиімсіз пайдаланылатын ауылшаруашылық жерлерін анықтауға және пайдаланылмаған  жерлерді қайтаруға мүмкіндік туып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті тұрғындардың қажетіне жарайтын жайылымдық жерлердің нақты көлемін анықтау мақсатында ауылдық елді мекендерде шекара белгілеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Бүгінгі таңда 1610 елді мекенде шекаралар белгіленді.

Агросала үшін жаңа технологиялардың маңызы зор.  Электрондық жүйелерді енгізудің арқасында мөр басылған қағаз құжаттарға деген қажеттілік іс жүзінде жойылды, ауылшаруашылық тауар өндірушілері, мемлекеттік органдар және тұтыну нарығының субъектілері арасындағы қатынастарда көптеген рәсімдер айтарлықтай жеңілдетілді және жеделдетілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенде және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысында цифрлық технологияларды енгізу  күшейтілетін болады. Бұл бағытты ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту саласында жеткілікті тәжірибесі бар вице-министр Руслан Манатаев басқарады.

Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалғанға дейін ұзақ уақыт «Транстелеком» АҚ-да басшылық лауазымдарында болған.

Ақпарат көзі: www.gov.kz/memleket/entities/moa


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии