Мәзір

АШМ тыңайтқыш ақысын бөліп төлеу мәселесін қарастырып жатыр

26.03.2024
АШМ тыңайтқыш ақысын бөліп төлеу мәселесін қарастырып жатыр

Биыл 1,5 миллион тоннаға жуық тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың қаржылық жағдайын ескере отырып, зауыттармен әкімдіктердің кепілдігімен тыңайтқыштарды бөліп-бөліп беру мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды World of NAN.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, мемлекет тыңайтқыштарды пайдалану деңгейін арттыру үшін барлық қажет шараларды қабылдауда. Дегенмен, жыл сайын тыңайтқыш бағасын төмендету бағдарламасы бойынша бюджет тапшылығы сақталып отыр.

«Сондықтан биылғы жылы шаруалардың қаржылық жағдайын ескере отырып, зауыттармен әкімдіктердің кепілдігімен тыңайтқыштарды бөліп-бөліп беру мәселесі талқылануда», - деп түсіндірді министр.

Бұл тыңайтқыш енгізу көлемін арттыруға көмектеседі. Бүгінгі таңда шаруаларға 147,5 мың тонна ғана тыңайтқыш жөнелтіліп, 173,4 мың тоннаға келісім-шарт жасалған.

«Бұл бағыттағы жұмыстар тек Солтүстік Қазақстан (73,9 мың тонна) және Қызылорда (52,8 мың тонна) облыстарында ғана жүргізілуде. Осыған байланысты облыс әкімдіктері бұл мәселені бақылауға алып, шаруаларды тыңайтқышпен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдету қажет», - деді Сапаров.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии