Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанда фермерлерді несиелендіру 490 миллиард теңгеден асты. Бұл жөнінде World of NAN порталы LS басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Мәселен, осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша салалық несиелердің көлемі 492,3 млрд. Бұл 2024 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштерден 3 пайызға артық. Несиелердің басым бөлігі теңгемен – 489 млрд теңге (+3%), қалғаны – шетел валютасымен, 3,3 млрд теңгеге (-2,9%) берілді.
Өңірлер бойынша Алматы дәстүрлі түрде көш бастап тұр, мұнда фермерлер банктерден 224,1 млрд теңге (+6,2%) қарыз алған. Сондай-ақ, несиелендірудің жоғары көлемі Ақмола облысында – 44,5 млрд теңгемен (+0,7%), Астана қаласында – 43 млрд теңгемен (-2,3%), Қостанай облысында – 36,3 млрд теңгемен (-9,3%), Солтүстік Қазақстан облысында – 24,2 млрд теңгемен (-0,4%) байқалды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение