Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан іс-шараға әлемнің 19 елінен: АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Оңтүстік Корея, Еуропа және ислам мемлекеттерінен 200-ден астам май өнімдерін өңдеушілер қатысуда.
Конференция жұмысының ашылуында сөз сөйлеген Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, Қазақстан майлы дақылдардан шикізат пен дайын өнімді өндіру және экспорттау саласында елеулі еңбек етіп жатқанын айтып, министрлік тарапынан аталмыш саланы қолдауды тұрақты түрде жалғастыратынын атап өтті.
«Соңғы 10 жылда майлы дақылдар алқабының көлемі 2,5 есеге өскен. Өсім зығыр алқаптары 5 есеге, соя алқаптары - 2 есеге, сафлор майының - 39 пайызға кеңейту нәтижесінде қол жеткізген. Тұрақты сұраныстың арқасында майлы дақылдардың экспорты жыл сайын артып келеді. Бүгінде біз майлы дақылдардың 40 пайызын шикізат түрінде экспорттаймыз. 2018 жылы шикізат экспортының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 21,6 пайызға, 2016 жылмен салыстырғанда 73,4 пайызға өсіп, 1 млн. тонна құрады»- деді С. Омаров.
Бүгінде республикада жалпы қуаты жылына 2,0 млн.тонна майлы дақылдарды өңдейтін 52 кәсіпорын бар. Ағымдағы жылдың 9 айында тазартылған және тазартылмаған майлардың өндірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32,4 пайызға артып, 343,5 мың тоннаны құрады. Соңғы 5 жылда тазартылмаған зығыр майын өндіру 34 есеге артқан.
Әлемдік және отандық май нарығының жетекші компаниялары, бизнес және аграрлық ғылым саласының өкілдері бас қосқан конференцияның негізгі мақсаты бүгінгі май нарығының даму үрдістері мен ерекшеліктері, саладағы нарықтың соңғы жаңалықтары, өзара сауда саттықтың көлемін ұлғайту және т.б. мәселелерді талқылау болып табылады.
Конференция барысында май нарығы бағытының өзекті мәселелерін талқылау үшін бірқатар танымал қазақстандық және шетелдік сарапшылар сөз сөйлейді деп күтілуде.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение