Мәзір

Кәсіпкерлерді бағаны көтергендері үшін айыппұл күтіп тұр

29.09.2021
Кәсіпкерлерді бағаны көтергендері үшін айыппұл күтіп тұр

Нұр-Сұлтан әкімдігінде сауда желілері мен базарлардың өкілдерімен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен отырыс өтті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне шекті сауда үстемесін бұзғаны үшін елорданың үш ірі сауда желісіне - Small, Metro, Galmart қатысты ескертулер жіберілді. Қайта тәртіп бұзған жағдайда бизнес субъектілеріне айыппұл салынады, деп хабарлайды World of NAN әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында елорда әкімдігі «айналым тетігі» жобасы, тұрақтандыру қорын қалыптастыру, маусымдық жәрмеңкелер өткізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жобаға қатысушылардың саны кеңейтілді, сондай-ақ сауда желілеріне азық-түлік сатып алуға бөлінетін сома ұлғайтылды. 2020 және 2021 жылдары 3 млрд 700 млн теңге дерлік бөлінді. «Айналым тетігі» жобасына ірі сауда желілері мен бірқатар дүкендер қатысуда.

Тәтті тағамдар, көкөніс, ет және сүт өнімдеріне бірқатар өндірушілермен және жеткізушілермен шарттар жасалды, оның ішінде шамамен 14 мың тонна көкөніс келісімшарттары жасалды. Көкөністерді, ұнды, сиыр етін және т.б. қосымша сатып алу мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу нарықтық бағадан төмен бағаны ұстап тұруға және өнімді сатуға мүмкіндік береді. Сонымен, Республика өңірлерінің қатысуымен өтетін жәрмеңкелер 21 тамыздан басталып, қазан айының соңына дейін жалғасады. Өткен жәрмеңкелерде нарықтық бағадан төмен бағамен 2 мың тоннадан астам өнім сатылды.

Сонымен қатар, тартылған инвестициялар есебінен елордада қуаттылығы жылына 10 мың тонна болатын 3 көтерме-тарату орталығы мен екі жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, қуаттылығы жылына 5 мың тонна нан-тоқаш комбинатын салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда. Өңірлік инвестициялық кеңес аясында жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрайтын өндірістік-тамақ кешенінің (сүт өңдеу зауыты, нан-тоқаш комбинаты, көкөніс қоймасы) құрылысына қолдау көрсетілді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии