Мәзір

Тірі малды басқа елдерге шығаруға тыйым салу жарты жылға ұзартылатын болады

04.09.2020
Тірі малды басқа елдерге шығаруға тыйым салу жарты жылға ұзартылатын болады

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда министрлігі «Ауыл шаруашылығы малдарын әкетудің кейбір мәселелері туралы»  бірлескен бұйрық дайындады.

Аталған құжатқа сәйкес, ҚР аумағынан тірі ірі қара малды, қой мен ешкілерді әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады. Министрліктердің бірлескен бұйрығын жария түрде талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды, ол 16 қыркүйекке дейін тұратын болады.

Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай тірі малды басқа елдерге шығару туралы тыйым қыркүйек айында аяқталады.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии