Сәуір айында жауған жауын-шашын мен болжанған ауа райы жағдайын ескерер болсақ, Қазақстанда құрғақшылық қаупі бар аймақтардың ауданы ұлғайып барады. Бұл жөнінде World of NAN «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қуаңшылық мына аймақтарда күтіледі: Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында; Қостанай облысы Амангелді ауданында; Қарағанды облысы Шет ауданында.
Ал мына аймақтарда біршама ылғалдылық күтілуде: Қостанай облысының Қарасу ауданында; Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Сандықтау аудандарында; Павлодар облысының Ақтоғай, Успен аудандары мен Павлодар қаласының маңында; Батыс Қазақстан облысында Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында; Ақтөбе облысының Қобды ауданында.
Елдің қалған бөлігінде мамырда ылғалдылық ұзақ мерзімді мәндерге жақын болады деп күтілуде.
Сонымен қатар 3 мамырда Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында алдағы 10 күнде құрғақшылық басталатыны туралы апатты ескерту жарияланғанын хабарлаймыз.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение