Мәзір

Павлодар облысында жерге қатысты заңсыздық үстемдік құрып тұр

07.12.2023
Павлодар облысында жерге қатысты заңсыздық үстемдік құрып тұр

Павлодар облысының прокуратурасы елді мекендер шекарасында жайылымдық және егістік жерлерге жер телімдерін беру барысында елеулі бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы World of NAN құзырлы департаментке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жергілікті атқарушы органдар міндетті конкурстық рәсімдерді елемей, пайдалану ақысын төмендетіп, лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатпайтын шешімдер қабылдаған.

Атап айтқанда, бір жер телімінің жылдық жалдау ақысы 50 миллион теңгенің орнына 60 мың теңге болып белгіленген.

Белгілі болғандай, халық мұқтажын өтеуге жер жетіспей, жайылымдық жерлердің орасан тапшылығы туындап тұрған жағдайда олар «бір қолға» берілген. Мәселен, 47 мың гектар тапшылығы бар Ертіс өңірінде жеке тұлғаларға жер заңсыз өткен. Осы фактілердің бірі бойынша аталған ауданда 3 мың гектардан астам жайылымдарды қайтару сот тәртібімен қамтамасыз етілді.

Жер қатынастары саласындағы қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии