Мәзір

Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 13 су қоймасы салынады

05.12.2023
Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 13 су қоймасы салынады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Астанада өткен брифинг барысында өңірді суармалы сумен қамтамасыз ету жағдайын баяндады, деп хабарлайды World of NAN.

Әкімнің айтуынша, 2025 жылға дейін облыс аумағында 13 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Жаңадан салынуы көзделген су қоймаларының жалпы сыймдылығы 46,2 млн. текше метр құрайды. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 1,4 млн текше метр болатын 3 су қойманың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Жасоркен ауылындағы гидрологиялық бекеттің және қолданыстағы 2 су қойманың (650 млн текше метр) жөндеу жұмыстары басталған.

Одан бөлек, облыс әкімі 2027 жылға қарай халықаралық қаржы институттарының қаржылық қолдауымен ұзындығы - 876 шақырым, суармалы алаңы - 69 мың га алқапты құрайтын 361 су шаруашылығы нысаны қайта жаңғыртудан өтетінін айтты.

Оның түсіндіруінше, вегетациялық кезеңде су тапшылығы орын алатын аудандарда жер асты суларын пайдалануға басымдық берілген, қазіргі сәтте ұңғыма қазу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда 103 ұңғыма іске қосылып, пайдалануға берілсе, тағы 543 ұңғыма қазу көзделген.

Қарашөкеев жүргізіліп жатқан жұмыстардың вегетациялық кезеңде трансшекаралық су көздеріне тәуелділікті 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілетінін айтты.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии