Мәзір

Жамбыл облысының ветеринария саласында көптеген заңсыздық анықталды

11.04.2024
Жамбыл облысының ветеринария саласында көптеген заңсыздық анықталды

Жамбыл облысының прокуратурасы аймақтың ветеринария саласына тексеріс жүргізіп, көптеген былықты анықтады. Бұл туралы World of NAN облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу, қауіпті ауру ошақтарының алдын алу, оларды жою және вакцинациялауды бақылауда ұстауға байланысты жүйелі бұзушылықтар анықталған. Кейінгі 3 жылда облыста эпизоотиялық жағдайды жақсартуға 6,8 млрд теңге бөлінгеніне қарамастан, сібір жарасына қатысты ахуал еш жақсармапты.

Облыс аудандарының бәрінде вакцинацияланған жануарлар мен нақты мал басы туралы мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған. Одан бөлек Шу, Байзақ және Талас аудандарында ауру салдарынан сойылғаны туралы дерек енгізілген соң жануарларды сатқаны белгілі болды.

Шамамен 1400 бас малдың өлімін қожайындары ветеринариялық инспекцияға хабарламай, олардың неден өлгені анықталмай қалған.

Сонымен қатар карантиндік режимді енгізу бойынша жүйелі шаралар қабылданбаған. Мысалы, Жуалы ауданында бес жүз бас лейкозбен жаппай сырқаттану фактісі бойынша карантиндік шара енгізілмеген.

Мал етін тасымалдауда, мал шаруашылығы өнімдерін сою және қайта өңдеу цехтарының қызметіне анықтама беру кезінде көптеген бұзушылықтар ашылды. Мәселен, Таразда екі стихиялы мал сою орны құзырлы органдардың назаранын тыс болып келген. Ал базардағы қой еті мен сүт өнімдеріне зертханалық зерттеу жүргізілмеген.

Прократураның хабарлауынша, барлық бұзушылық бойынша кінәлі лауазымды адамдардың әкімшілік және тәртіптік жауапкершілігі шешілді, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қадағалау актісі енгізілді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии