Облыс «Ауыл аманаты» жобасы аясында шаруаларды қажет техникамен қамтамасыз етпек. Бұл туралы World of NAN порталы облыстық әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2024 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы бойынша суды үнемдейтін технологияларды енгізуге несие беру жоспарланып отыр.
Жалпы облыс бойынша суармалы жер көлемі 181,8 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 107 мың гектар жер нормативке сай суармалы сумен қамтамасыз етілген. Өткен жылы 57,2 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілсе, биыл бұл көрсеткішті 65,8 мың гектарға, ал 2030 жылға қарай 92 мың гектарға жеткізу жоспарланды.
Естеріңізге сала кетейік, тамшылатып суару жүйесін немесе жаңбырлату жүйесін сатып алған шаруашылықтар құнының 50 пайызы көлемінде субсидия алады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение