Мәзір

Жапониялық компания малдың көңінен жасалған отынмен ғарышқа зымыран ұшырмақ

20.09.2023
Жапониялық компания малдың көңінен жасалған отынмен ғарышқа зымыран ұшырмақ

Химиялық өнімдер шығарумен айналысатын жапониялық Air Water Inc. компаниясы сиырдың қалдығынан зымыран отынын жасаумен айналысып жатыр. Бұл туралы World of NAN порталы жапондық Kyodo агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Air Water Inc. кәсіпорны қазірдің өзінде жануар қалдықтарынан сұйық биометан өндіреді. Компания оларды Тайкидегі сүт фермасында өңдеп, алынған биогаз Обихиродағы зауытқа тасымалданады. Онда метан өнімнен бөлініп, салқындатылып, сұйық биометанға айналады.

Осы күзде компания зымыранға арналған жаңа биоотынды сынақтан өткізбекші. Ол Interstellar Technologies Inc. ғарыштық стартапы құрастырған Zero зымыранында сыналып көрмек.

Сынақ сәтті аяқталса, компания ғарышқа тұңғыш болып көміртек-бейтарап (carbon-neutral) зымыран ұшырған ұйым ретінде тарихқа енбек. Сиыр тезегінен жасалған отын сапасы жағынан қазіргі зымыран отынынан кем түспейтіні анықталды. Ведомствоның жазуынша, жоба сәтті жүзеге асса, фермерлер мал қалдықтарын сатудың жаңа бір бағытына ие болмақ.

Осыдан бір жарым ай бұрын германиялық Biogas Servise Tarmstedt Gmbh компаниясы қазақстандық «Алтын дала Goldex» компаниясымен бірігіп, мал көңінен биогаз өндіруді қолға алған еді. Неміс инвесторлары Ақмола облысындағы биогаз зауытына 3 млн евродан астам қаржыны инвестициялайтыны хабарланған болатын. Сарапшылар мал шаруашылығының қалдықтарында мол энергетикалық әлеует бар екенін айтады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии