Мәзір

Жайылым жерлердің 40 пайызы өте нашар күйде

27.07.2023
Жайылым жерлердің 40 пайызы өте нашар күйде

Еліміздегі ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жайылымдық жерлердің 40 пайызы нашар күйде. Ал мал жаюға берілген 12 млн гектар жер пайдаланылмай жатыр. Мұндай деректер ғарыштық мониторинг нәтижесінде белгілі болған. Бұл туралы World of NAN порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде былтыр көктемде Қазақстанның 60 ауданы бойынша жайылымдық алқаптардың 26,2%-ы өте нашар және 33,4%-ы нашар жағдайда екені анықталғанын айтты.

Ал биыл көктем мезгілінде жүргізілген мониторинг қорытындысы негізінде жайылымдық жерлердің жай-күйі мынадай:

- 40% жайылымдық жердің жағдайы өте нашар;

- 4 млн гектар жайылым жер қатты дәрежеде деградацияланған;

- өсімдіктердің орташа өнімділігі гектарына 4,6 центнер.

Сонымен қатар, ғарыштық мониторинг барысында былтыр Қазақстан бойынша 5 683 рұқсат етілмеген қоқыс объектілері анықталған.

Баубек Оралмағамбетов мал жаюға берілген 12 млн гектар жерде төрт түлік жоқ екенін мәлім етті.

 

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии