Мәзір

Теміржол: Қазақстан арқылы астық тасымалдау қызметі қымбаттады

22.04.2024
Теміржол: Қазақстан арқылы астық тасымалдау қызметі қымбаттады

«Қазақстан темір жолы» компаниясы Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне тарифтердің коэффициенттерін арттырды, деп хабарлайды World of NAN.

Коэффиценттер 2024 жылғы 16 сәуірден 31 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттермен байланыста қолданылады. Олар екі бағытта жұмыс істейді.

Шикі мұнай, мұнай өнімдері, металдар және олардан жасалған прокат, алюминий тотығы, алкогольдік сусындар, мақта талшығы, газ, көмір, дәнді дақылдарды тасымалдау ақысы көтерілді. Сондай-ақ химиялық және минералды тыңайтқыштар, құрылыс материалдары, рудалар, ағаш жүктері және т.б. өнімдердің транзиттік комиссиясы қымбаттады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии