«ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев, ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Рүстем Құрманов Ақмола облысында өткен «Jańa Dala/Green Day» мамандандырылған көрмесінде отандық фермерлерге жасалып жатқан жеңілдіктер туралы айтты, деп хабарлайды World of NAN.
«Биыл маусымда біз «Өз жемшөбіміз» (жем өндірушілер үшін) және «Жасыл өнім» (жеміс-жидек, көкөніс өндірушілер үшін) жеңілдетілген бағдарламасын бастадық. Ол бойынша фермерлерге бұрынғы бағдарламалармен салыстырғанда үлкен жеңілдік жасалып отыр. Яғни жылдық 6% және 15% аванс. Лизинг мерзімі - 10 жылға дейін. Аталған шара фермерлерге түсетін қаржылық жүктемені айтарлықтай жеңілдетеді. Сәйкесінше шаруашылықтардың қарқынды дамуына мүмкіндік береді», – деді Айдар Прашев Ақмола облысында өтіп жатқан «Jańa Dala» мамандандырылған көрмесі барысында.
Оның айтуынша, компанияның басқа да бағдарламалары бар. «Оның ішінде «Экспресс-лизинг» (ең аз құжатпен өтінім 5 жұмыс күні ішінде қаралады), «Мастер лизинг» (бір жыл ішінде берілген өтінім негізінде техниканы лизингке құжаттар пакетін қайта ұсынбай алу мүмкіндігі). Сондай-ақ, «Сенімді фермер» адалдық бағдарламасы қарастырылған», - дейді ол.
Ал Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Рүстем Құрманов биыл саланы қолдауға жалпы көлемі 550 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтты.
«Биыл ауыл шарушылығын қолдауға бөлінген 450 млрд теңгеден бөлек, қосымша ірі жобаларды қолдауға бағытталып 100 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 65 сүт фермасын құру бар. Қолдау аясында фермерлердің 2,5% кредитті 10 жылға алу мүмкіндігі бар. Одан бөлек, «Ауыл аманаты» атты шағын несие бағдарламасы іске қосылған. Оған да 100 млрд теңге бөлінді. Мақсат – ауыл тұрғындарының табысын арттыру», - дейді Рүстем Құрманов.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение