Мәзір

Жетісу облысында 2,5 млрд теңгеге қант қызылшасына серивистік орталықтар ашылады

02.05.2024
Жетісу облысында 2,5 млрд теңгеге қант қызылшасына серивистік орталықтар ашылады

Биыл Жетісу облысында қант қызылшасы бағытында 8 сервистік-дайындау орталығы құрылады. Ақсу, Сарқан, Алакөл, Көксу, Қаратал аудандарындағы бұл орталықтарға 62 бірлік техника сатып алуға 2,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Қазіргі сәтте шаруашылықтарға 22 дана сепкіш берілді. Бұл жөнінде World of NAN облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қант қызылшасы бағытындағы сервистік-дайындау орталықтарын құру жобасының жалпы құны 2 млрд 514 млн теңге, соның 1 млрд 754 млн теңгесі бюджет қаражаты болса, 760,2 млн теңгесі - «Жетісу» ӘКК қаражаты.

Сарқан ауданында 3 сервистік-дайындау орталығы, Ақсу ауданында - 2, Алакөл, Көксу, Қаратал аудандарының әрқайсында бір орталықтан құрылып, осы орталықтарға 35 шаруа қожалықтары біріктіріледі. Жаңадан құрылатын бұл СДО-ларға 62 бірлік техниканы сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның 28-і сепкіш, 19-ы комбайн, 15-і сабақ жинайтын машина. Бүгінгі таңда шаруаларға 22 дана сепкіш берілген.

Сатып алынатын  техника лизингке 10 жыл мерзімге, 2,5% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен және 2 жыл каникулдық кезеңмен ұсынылып отыр.

Еске салсақ, 2011 жылдан бастап 2022 жылға дейін Жетісу және Алматы облысында машина-трактор паркін жаңарту мақсатында 61 сервистік-дайындау орталықтары құрылып, оларға жалпы сомасы 15 млрд теңгеге 1 479 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы берілген.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии