Аграрлық несие корпорациясының орталығы Жезқазған қаласында жыл басынан бері жұмыс істеп келеді. Осы аптада кеңсенің салтанатты ашылуы өтті. Бұдан былай ұлытаулық шаруалар мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген несиелерге өтінім беру үшін ірі қалаларға барып әуре болмайды, деп хабарлайды World of NAN.
Корпорация баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінге дейін шаруаларға 1,8 млрд теңге несие берілген. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ұлытау облыстық филиалының директоры Ілияс Бекмағамбетов биылғы 7 айдағы көрсеткіштер 2022 жылғы көрсеткіштен әлдеқайда асып түскенін айтады. «Бұл әрине жаңа филиалдың ашылуымен тікелей байланысты. Себебі, қазір өңір шаруаларына несиеге өтінім беру жеңілдеді. Күнделікті келіп қажетті кеңестер алып отырады. Несие алушылардың артуына байланысты екінші тоқсаннан бастап қаржыландыру көлемін қосымша 1 млрд теңгеге арттырдық», - дейді ол.
Бүгінде филиалда «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» және «Жастарға арналған шағын несие» деп аталатын 4 бағдарлама іске асырылып отыр. Жыл басынан бері несие корпорациясының қолдауымен 73 азамат жаңадан кәсіп бастаған. Оларға жылдық мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайтын 352 млн теңге қарыз берілді. Ал «Агробизнес» бағдарламасы аясында 40-тан астам фермер мал және өсімдік шаруашылықтарын дамытуға 1,3 млрд теңге несие алған. Корпорация баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолдау шаралары алдағы жылдары да жалғасады.
«Аграрлық несие корпорациясы» - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. Еліміздегі барлық өңірде филиалы бар.
Несие корпорациясының Жезқазғандағы филиалының мекенжайы: 010000, Жезқазған қ., Ғарышкерлер көш., 40 А. Барлық сұрақтар бойынша Ұлытау облысы филиалының өкілі Мейрам Сәбитовке хабарласуға болады, телефон нөмірі: 87077081599.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение