Суармалы судың жартысы мақсатты жерге жетпей, жерге сіңіп немесе буланып кетеді. Ал Су ресурстары комитеті бұл проблеманы шешудің орнына, оны «норма» деп қабылдаған. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова еліміздегі су саласының проблемаларын айтты, деп хабарлайды World of NAN.
Қазақстан Global Water Use мониторингінде жан басына шаққанда су тұтыну көлемі бойынша 179 елдің ішінде 11-орында тұр. Сарапшылар елімізде су ресурстарының қоры жеткілікті екенін айтқанымен, қисынға сай қолданылмағандықтан, фермерлерге жетпей жатыр.
Наталья Годунова Мәжіліс отырысында жасаған баяндамасында Су ресурстары комитеті мен Қазсушар ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді атап өтті. Жоғары аудиторлық палата 2022 жылы оңтүстік өңірлерді сумен қамту шараларына аудит жүргізген. Годунованың айтуынша, су шаруашылығы құрылыстары әбден тозған, кейбірі тіпті апатты жағдайда. Технологиялық жағынан ескірген суару жүйелері қолданылады.
«Гидротехникалық құрылыстардың 25 пайыздан астамы қанағаттанарлықсыз және апатты жағдайда тұр. Осыған қарамастан, ескірген технологиялар бойынша жобалап, салып жатыр. Мысалы, Жамбыл облысында 16 жер каналын реконструкциялау жобасы сапасыз жобалау, сондай-ақ судың түбі мен беткейлерінің шайылуы себебінен тоқтатылды. Бұл жобаға түзетулер енгізіп, оның қымбаттауына әкеп соқтырды. Салдарынан 1,1 млрд теңге сомасына орындалған жұмыстардың 50 пайызы далаға кетті», - дейді бас аудитор.
Суару жүйелерінің тозуы мен ескі құрылыс технологияларын қолдану себебінен судың шығыны су алу көлемінің 50%-ын құрайды. Жер каналдарында судың 40%-ы жай жерге сіңіп кетеді. Тағы 10 пайызы ыстық пен желдің әсерінен буланады.
«Ең сорақысы, уәкілетті мемлекеттік орган Су ресурстары комитеті мұны норма ретінде қабылдап, жыл сайын Қазсушарға су шығынының жоспарлы көрсеткіштерін 40 пайыздан 70 пайызға дейін келісіп отырған. Мысалы, судың 70% жоспарлы шығынын РМК филиалы – Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналына келісілген», - деді ол Мәжілісте жасаған баяндамасында.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение