Мәзір

Мал шаруашылығы экспортқа бағыт алуы керек

10.05.2024
Мал шаруашылығы экспортқа бағыт алуы керек

Қазақстан нарығы мал шаруашылығын байыпты өңдеу үшін тым шағын, сондықтан саланы дамыту экспортпен байланысты болуы керек. Бұл туралы World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Ет индустриясы» компаниялар тобының өкілі Қайыржан Наурызғалиев мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер қазақстандық өңдеушілерге мал жеткізуге әзір екенін, алайда көршілес елдерден сатып алушылар бүгінде жоғары баға ұсынып жатқанын айтты. Етті қайта өңдеуді дамыту үшін қазақстандық кәсіпорындарға тірі малға бәсекеге қабілетті баға беруге кедергі келтіретін себептерді шешу қажет.

«Етті қайта өңдеуді дамыту үшін қазақстандық кәсіпорындарға тірі малға бәсекеге қабілетті баға беруге кедергі келтіретін себептерді шешу қажет. Шетелде бағаның неғұрлым жоғары болуының басты себептерінің бірі - теріні қоса алғанда, субөнімдерді және т.б. ұшаның барлық компоненттерін пайдаланады», - деді Қайыржан Наурызғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, қазір ірі қара мал терісін экспорттауға баж салығы бар. Десек те, ол былтыр тоннасына 200-ден 100 АҚШ долларына дейін төмендетілген еді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ведомствоаралық комиссия алдына баж салығын алып тастау мәселесін шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар елімізде субөнімдер шығаратын кәсіпорындар іс жүзінде жоқ дерлік.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии