Қытайдың Шэньчжэнь қаласында алғашқы ірі қазақстан-қытай бизнес-форумы өтті. Осы форумда премьер-министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қытай кәсіпкерлеріне Қазақстан ұсынатын мүмкіндіктерді айтып берді. Министр органикалық ауыл шаруашылығына инвестиция құюға шақырды, деп хабарлайды World of NAN.
Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Серік Жұманғарин Қытайдан Қазақстанға келетін инвестициялардың негізгі үш бағытын айқындаған. Олар – логистика, өнімді терең өңдеу және ауыл шаруашылығы.
Жұманғарин үшінші бағытты түсіндірген кезде органикалық өндіріске назар аударды.
«Біз Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторына, оның ішінде органикалық өнім өндірісіне инвестиция салудың кең спектрін ұсына аламыз. Қазақстан жоғары сапалы органикалық өнімдерді өндірудің зор әлеуетіне ие. Соңғы 10 жылда еліміз ауыл шаруашылығы саласында үлкен экспорттық әлеуетті арттыра алды. Қазақстандық тауарлар Орталық Азия, ЕО және Таяу Шығыс елдерінде сатылуда. Бүгін Қытайдың бизнес капитандарымен дөңгелек үстелде біз 400 мың гектар жерге топырақты дамыту жөнінде ұсыныстар естідік. Мұндай ұсыныстарды біз қолдаймыз», — деді Серік Жұманғарин.
Органикалық ауыл шаруашылығы – ешқандай химиялық дәрілер, пестицидтер, антибиотиктер қолданбастан өзіндік құны жоғары табиғи өнім шығаратын ауыл шаруашылығындағы бағыттардың бірі.
Айта кетейік, Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара сауда 2022 жылы рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, $24,1 млрд-қа жетті, оның ішінде қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты үштен бірінен астамға өсіп, $13,2 млрд құрады. Импорт 33,5%-ға өсіп, $11,0 млрд құрады. Елдер арасындағы сауда-саттық 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 20,5%-ға артып, 13,6 млрд. АҚШ долларын құрады: оның ішінде 6,3 млрд. АҚШ доллары қазақстандық экспортқа тиесілі.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение