Автор: Бауыржан Биахметов, ол «Bilim Barine» қоғамдық қорының жасыл энергетика, қоқыс-қалдықтарды басқару және климат дағдарысы салалары бойынша сарапшысы.
Жаңартылатын энергия көздеріне көшу қазба отындарына қарағанда қымбат емес пе? Біздің еліміз үшін өзімізде жеткілікті қоры бар арзан қазба отындарын қолдану тиімді емес пе?
Елімізде бар қазба отындарын негізгі энергия көзі ретінде пайдалану экономикалық және саяси тұрғыдан дұрыс көрінуі мүмкін. Дегенмен бұл 20-30 жыл бұрын солай болғанымен, қазіргі сәтте қазба отындарынан өндірілетін энергиядан бас тартып, жаңартылатын энергия көздеріне көшу экономикалық жағынан да, саяси жағынан да тиімді. Ғылым мен технологиялық серпілістің арқасында әлемде жел мен күн энергиясы қазба отындарынан өндірілетін энергиядан әлдеқайда арзан және көптеген экологиялық мәселелерді, мысалы ауа сапасына қатысты проблемаларды шешуге септігін тигізіп келеді.
Көмірді жылу мен электр энергиясын өндіру мақсатында жағу көптеген экологиялық мәселелерді тудырады. Бұл тақырып бойынша терең түсіндіру жұмыстары жүргізілмесе де, көптеген қазақстандық бірден ауа сапасы туралы айтады. Алматы, Астана және басқа да өнеркәсіптік аймақтарда энергияны қазба отындарынан өндірудің ауа сапасына кері әсері жоғары. Қыс келе қалалар көк түтінге оранып, тұрғындардың ауа сапасына қатысты шағымдары арта түседі. Бұл үшін әлеуметтік желідегі жазбаларға көз жүгіртудің өзі жеткілікті. Әлемде көптеген мемлекет өткен ғасырдың өзінде ауа сапасына әсер ететін факторларды анықтап, оның экономика мен адам денсаулығына зиянын есептеп тастаған. Мысалы, Шотландия елі XIX ғасырдың басында жылу мен электр энергиясын өндіру үшін көмірді жаппай қолданып, қалалары көк түтінге оранды. Көмірді жағудан және өнеркәсіптік қызметтен туындаған түтін мен ауаның ластануымен күресу мақсатында 1956 жылы елде «Таза ауа туралы» заң қабылданады. Сол уақыттан бері Шотландия көмірден бас тартып, уақытша жаңартылатын энергия көздеріне толық көшкенше өтпелі энергия ресурсына ауысады, яғни табиғи газды пайдалана бастады. Көмірге қарағанда, табиғи газдан энергия өндіру қоршаған ортаға әлдеқайда аз шығарындылар бөледі. Шотландияның келесі мақсаты – қазба отындарынан толық бас тартып, барлық керекті энергияны жаңартылатын энергия көздерінен алу. Шотландияда 2021 жылы өндірілген барлық электр энергиясының 57,0%-ы жаңартылатын көздерден және 87,8%-ы төмен көміртекті көздерден алынды.
Қазақстанда энергияны қазба отындарынан алу жергілікті адамдардың денсаулығына кері әсер етіп, қан-тамыр, жүрек және тыныс алу жолдарына байланысты ауруларға шалдыққан адамдардың санын арттырып отырғанына еш күмән жоқ. Бұл, әрине денсаулық саласындағы шығындардың артуына, экономиканың дамуына жұмыс істеу керек жұмыс күшінің азаюына және басқа да көптеген шығындарға себепші болады. Қазба отындарын пайдаланудан келетін пайданы айтқанда, одан болатын кері әсерлерді де атаған жөн. Өкінішке қарай, Қазақстанда пайдалы қазбадан келіп жатқан шығынды анықтауға қатысты жалпы үлкен ғылыми жобалардың болмауының салдарынан жылына нақты қанша шығынға ұшырап отырғанын білмейміз.
Ауыл шарушалығына қайтып оралсақ, метан шығарындыларын азайту жолдары қандай және олардың пайдасын сипаттап кетсеңіз?
Ауыл шаруашылығындағы метан шығарындылары сол саланың тиімділігімен байланысты. Ауыл шаруашылығында күйіс қайыратын малдан және сұйық көңді сақтау барысында метан шығарындылары бөлінетіні белгілі. Бірақ өндірілетін еттің еліміздегі мал басына шаққандағы тиімділігін арттыру арқылы метан шығарындыларын азайтуға болады. Қарапайым математика: егер ет бағытындағы жүз аналық сиырдан күзде 90-95 бұзау алынып және олардың салмағы өз жасына сай келіп тұрса, бұл ресурстардың тиімді пайдаланылып, метан шығарындыларының босқа бөлінбегені деген сөз. Мысалы, 100 аналық сиырдан 70 бұзау алынып және олардың салмағы уақытында сойыс салмағына жетпесе, бұл – ресурстардың босқа жұмсалғаны және қоршаған ортаға метанның ақтаусыз шығарылуы. Біріншіден, ауылшаруышылығында ет немесе сүт өнімдерінің мал басына шаққандағы тиімділігін арттыру керек. Бұл, әрине қысқа уақытта шешілмейтін мәселе, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында жүйелі жұмыстарды қажет етеді.
Метан шығарындыларын азайтудың негізгі екінші жолы – ауыл шаруашылық қалдықтарынан метан газын өндіру. Алғашында мұндай шешім экономикалық тұрғыдан тиімсіз көрінуі мүмкін, себебі салыстырмалы түрде биогаз өндіретін реакторды орнату күн энергиясынан немесе электр энергиясы желісіне қосылудан қымбат көрінуі мүмкін. Бірақ, мемлекет қажет бағдарламаларды дайындап, фермерлерге биогаз реакторын орнатуға жеңілдіктер жасаса, бұл көңнен биогаз өндіретін фермерлердің санын көбейтетіні анық. Сондай-ақ, Қазақстанның көптеген аймағында инфрақұрылымның жоқтығынан мал шаруашылығына жарамды жерлердің бос жатқан жайы бар. Бұл жерлерге электр желісін тарту экономикалық тұрғыдан өте қымбат болуы мүмкін. Алайда онда автономды электр және жылу энергиясын өндіру үшін біріктірілген күн панельдері мен биореакторлар орнатуға болады. Мемлекет фермерлерге бос жерлерді игеруге жеңілдік қарастырып, шағын автономды энергия өндіру станцияларын орнатуға көмектессе, бұл ауылшаруашылық өнімдері көлемінің өсуіне алып келер еді.
Қазіргі уақытта фермерлерге автономды биогаз реакторларын орнатуға қандай бағдарламалар бар?
Ауыл шаруашылығында биореакторларды орнатуға арналған бағдарламалар туралы сөз қозғағанда, бұл саладағы жүйелі жұмыстың жетіспеушілігін байқауға болады. Қазақстан бойынша ауылшаруашылық қалдықтарынан энергия мен органикалық тыңайтқыштар өндіріп отырған шаруа қожалықтарын саусақпен санауға болады, олардың санын жаппай көбейтуге мынадай бірнеше себеп бар:
Бұл мақала Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауы және демеуімен «Bilim Barine» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан «Methane as Sustainable Gas in Kazakhstan» жобасы аясында жазылған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение