Мәзір

Жылыжайларға субсидия беріле бастады: көкөніс арзандай ма?

27.12.2023
Жылыжайларға субсидия беріле бастады: көкөніс арзандай ма?

Түркістан облысы мен Шымкенттегі жылыжай шаруашылықтарына көптен күткен субсидиялық төлемдер беріле бастады. Екі аймақтағы фермерлерге арналған төлемдер көлемі 900 млн теңгеден асады. Бұл туралы World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жылыжайларды мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығын субсидиялау ережелеріне толықтырулар енгізілгеннен кейін жүзеге асты. Осыған ұқсас норма құжатқа елімізде жылыжай көкөністер өндірісін қолдау мақсатында 2023 жылы алғаш рет енгізілген болатын. Бюджет қаражатын тиімді жұмсау, сондай-ақ, барлық агротехнология сақталатын жылыжайларды қолдау үшін өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының (есебінің) болуы міндеттелді. Ұлттық стандартты ҚР Техникалық реттеу және метрология комитеті АШМ және бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірледі. Жаңа  норма 2023 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енді. 2023 жылдың 25 желтоқсанындағы жағдай бойынша 814 жылыжай ұлттық стандартқа сәйкестік сертификатын алды, тағы 825 өтінім қарастырылып жатыр.

Түркістан облысында жылыжай фермерлеріне жалпы көлемі 565 млн теңге, Шымкент қаласындағы жылыжайлар үшін 341,9 млн теңге төленбек. Қазір Түркістан облысында 112 субсидия алушының 106-сы шаруа қожалықтарының жылыжайы, алтауы өнеркәсіптік жылыжай.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі жылыжай шаруашылығын инвестициялық қолдау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейтуге берілетін субсидия көлемін 25%-дан 30%-ға дейін арттыру туралы өзгерістер енгізді.  Бұл норма 2023 жылғы 10 желтоқсанда күшіне енді.

Осыған дейін оңтүстік өңірлердегі жылыжай кешендерінің басым бөлігі сертификат алмағандықтан, субсидиясыз қалуы мүмкін екені айтылған. Жылыжай кешендерін уақытылы әрі тұрақты қолдау мемлекеттегі тұтыну тауарларының бағасын реттеу үшін өте маңызды. Өйткені маусымаралық кезеңде қымбаттаған көкөніс бағасын жаз бен күзгі маусымдарда қайта түсірі қиынға түседі. Ал бұл инфляцияға және азаматтардың тұтыну себетіне айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан мемлекет жылыжай фермерлерінің табысқа кенелуіне кепілдік беріп әрі бағаның тұрақты болуын қамтамасыз етуі керек.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии